Аула учаскесін тазалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, сөндірмей лақтырылған темекі, сынған шыны – тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды жойып, «қайғылы оқиғаға» алып келуі мүмкін екендігін БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ. Құрғақ шөптер мен қамыстар арасында от және қалдықтарды жағуға БОЛМАЙТЫНДЫҒЫН ЕСІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамағандығы үшін ҚР ӘҚБтК сәйкес айыппұл салу көзделген.
КЕЛЕСІ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАУ ҚАЖЕТ:
- От жағар алдында үйдің жанында суы бар ыдыстың болуын;
- Жаңғыш қалдықтарды төгуге жол бермеуді;
- Қалдықтар үшін бетондалған бетте орнатылған металл сыйымдылықты пайдалануды (құрылыстардан 25 м кем емес);
- Құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта өртеуді;
- Ыстық құрғақ және жел күні от жақпауды ескеріңіз.
Әйтеке би ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
https://www.instagram.com/p/CcKlEuHsCGO/?igshid=MDJmNzVkMjY=
05 Тамыз 2022
Жаңалықтар
Қоқыс жағуға тыйым салынады.
Жаңалыктар