02 Қар 2022
Жаңалықтар

Назар аударыңыз!!!

Әйтеке би ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: -Түтіндік және сорғыш құбырларының жұмыс жағдайын және олардың бітелмеуін тексеріңіздер; -Жыл сайын майлы және газды тұрмыс құралдарын, тас және ағаш пештерін тексеру үшін арнайы әзірліктен өткен шеберлерді шақырыңыздар; -Әрбір үйде улы газдың шығып кетуін анықтайтын батарея есебінен жұмыс жасайтын белгілік құрылғысы болу қажет, әйтсе де ол басқа сақтық шараларын алмастыра алмайды. Улы газ! Жылыту кезеңіне сәйкес, тұрғындар арасында улы газдан улану қауіпі артады. Қоғамның бұл қауіп жөнінде хабардар болуына қарамастан, улы газбен улануы көбіне өлімнің себебі болып отыр. Улы газ – улану әсеріне ие, иіссіз және түссіз, әртүрлі отынның толық жанбай қалған қалдығы. Улы газбен улану (көмір қышқыл газ) қарапайым оянбау қалу. Бұндай жағдай бүгінде пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде кездеседі. Автомобиль пештеріде біршама қауіптілік көрсетеді, яғни автомобильдің түтінінен шығатын газдар да көп мөлшерде көмірқышқыл газге ие. Статистика мәліметтері көрсеткендей, улану газынан сондай- ақ моншаларда, жылыту қазандықтарындағы жұмысшылар жиі қаза табады. Улы газ адам қанына оттегіден 200 есе жылдам араласады. Арнайы зерттеулермен бекітілгендей, көмірқышқылы оттегінің белсенділігін тартып алады. Ол адам ағзасындағы қан құрамындағы гемоглабиннен байланысқа түседі. Гемоглабин бұның нәтежиесінде жасушаға, яғни әсіресе өмірлік маңызы бар – ми, өкпе, жүрек сияқты органдарға оттегінің алмасу қабілетін жоғалтады. Оттегінің жетіспеушілігінен тұншығу басталады. Улы газбен уланудың себептері: - Автокөлікті сөндірмей кету; - Түтін өткізгіштің бітелуі; - Су жылытқыштың вентиляциялық трубасының корродирленуі; - Каминдегі немесе пештегі оттың жануы; - Пештің жылу алмастырғышындағы ақау; - Ас үй плитасы мен вентиляцияның ақаулығы; - Ғимаратта немесе көлікжайда грильді қолдану; - Протативті керосиндік немесе газдық жылытқыштар. Улану белгілері. Баста ауырлықты сезіну және тамырдың соғуы пайда болады. Көздің алды қарауытып, құлақтар шуылдап, діріл, әлсіздік, жүрек соғуы, лоқсу, құсу, пайда болады. Адам мұндай жағдайда таза ауаға талпынады. Бұнысы дұрыс! Бұлай етуі мейлінше жеткілікті. Әрине, бұл кезде бөлмені немесе машина салонын желдетіп, газ көзін жою керек. Егерде адам газ кеңістігінде қалса, онда сезімталдық бұзылып, ұйқы басу өсіп, түйсіктің жоғалуына ауысады. Егер Сіз, мұндай оқиғаға тап болсаңыз, онда дереу терезе, есіктерді ашып, отты сөндіріп, оған су құйыңыз. Электр және газ аспаптарын сөндіріңіз. Автомобильде пешті сөндіріп, оны желдетіңіз. Улану кезіндегі алғашқы көмек. Жәбірленушіні дереу таза ауаға шығару. Егер жәбірленуші киінген болса жағасын ағытып, оны тар киімнен босату керек. Нашатыр спиртімен сүртіп, оған иіскету керек. Улы газбен қатты уланған кезде, дереу көмекке кірісе отырып, «жедел жәрдем» шақыртуды ұйымдастырыңыз. Әрдайым келесі шараларды қолданыңыздар: - Түтіндік және сорғыш құбырларының жұмыс жағдайын және олардың бітелмеуін тексеріңіздер; - Жыл сайын майлы және газды тұрмыс құралдарын, тас және ағаш пештерін тексеру үшін арнайы әзірліктен өткен шеберлерді шақырыңыздар; - Әрбір үйде улы газдың шығып кетуін анықтайтын батарея есебінен жұмыс жасайтын белгілік құрылғысы болуы қажет, әйтсе де ол басқа сақтық шараларын алмастыра алмайды. Жедел қызметтердің номерлері 101, 103, 104, 112. Әйтеке би ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Жаңалыктар