2021 жылдың 28 қыркүйегінде Үшқатта орта мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әңгімелесу барысында балалар зорлық-зомбылық түрлері: физикалық зорлық-зомбылық, психологиялық зорлық-зомбылық, экономикалық зорлық-зомбылық (немқұрайлылық) туралы білді. Әңгімелесу соңында сауалнама жүргізіліп, зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақтарға жауап берілді, оқушылар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне теріс көзқарастарын білдірді.
Мектеп психологы: Көптілеу Қарашаш Нұржанқызы