Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. 1931 жылы бірнеше мемлекеттердің бастамасы бойынша Француз медицина қызметінің генералы Жорж Сен-Пол Парижде барлық елдерде жергілікті қауіпсіздік аймақтарын екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы құру үшін «Женева аймақтарының қауымдастығын» — «қауіпсіздік аймақтарын» құрды.
Кейіннен қауымдастық Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) болып қайта құрылды. 1972 жылы ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесін алды. Қазіргі уақытта 58 ел ХАҚҰ-ға мүше мемлекеттер болып табылады, 16 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие.
1990 жылы белгіленген Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні әлемдік қоғамдастықтың назарын Азаматтық қорғаудың мәніне аудару және зілзала немесе авария жағдайында халықтың өзін — өзі қорғауға дайындығын арттыру, сондай — ақ азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтері персоналының апаттарға қарсы күрестегі күш-жігері мен өзін-өзі құрбан етулеріне құрмет көрсету мақсатында ХАҚҰ-ға мүше елдерде атап өтіледі.
1 наурыз күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді, оны 18 Мемлекет мақұлдады.
ХАҚҰ қызметінің бағыттары арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады: Төтенше жағдайлар кезеңінде басқару саласында ұлттық кадрлар даярлау; мемлекеттерге төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты қорғау жүйелерін құру мен жетілдіруде техникалық көмек көрсету; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезеңінде басқару мәселелері бойынша тәжірибе мен білімді насихаттау.
Қазақстан Республикасы ТЖМ 1997 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына кірді және осы ұйым өткізетін барлық негізгі
іс-шараларға қатысады.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Биыл Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс; еріктілердің рөлі және пандемиямен күрес» ұранымен өтеді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу жөніндегі барлық іс-шаралар халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.
https://yshkatty-aitekebi.edu.kz/kz/00-11/9959-1-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%8B%D0%B7-%E2%80%93-%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96.html#sigFreeIdbbff91e100